Мазмұнға өту

Лицензия түрлері

Qarip-тегі барлық қаріп тегін. Лицензия тек бір нәрсені анықтайды: қаріпті қай жобада қолдануға болады.

Кез келген жобағаЖұмыс, клиент, логотип, сатылатын өнім — бәріне болады. Каталогтағы 21 қаріп.Apache License 2.0 · Public Domain (CC0) · SIL OFL
Жеке жобағаОқу, портфолио, жеке пост, достарға открытка. Коммерцияға керек болса — авторға жазыңыз. Каталогтағы 1 қаріп.Free for personal use

Не жасағыңыз келеді?

Таңдаңыз — қай лицензия сәйкес келетінін көрсетеміз.

Apache License 2.0Болады
Public Domain (CC0)Болады
SIL OFLБолады
Free for personal useБолады

Салыстыру кестесі

ЛицензияЖеке жобаКоммерцияӨзгертуТаратуАвторды көрсету
Apache License 2.01 қаріпИәИәИәИәМіндетті
Public Domain (CC0)0 қаріпИәИәИәИәМіндетті емес
SIL OFL20 қаріпИәИәИәИәМіндетті емес
Free for personal use1 қаріпИәЖоқЖоқИәМіндетті емес

Бұл — қысқаша түсіндірме, заңдық кеңес емес. Толық шарттар — лицензияның ресми мәтінінде.

Лицензиялар туралы

Apache License 2.0

Бағдарламаны немесе материалды еркін қолдануға, өзгертуге, таратуға, коммерцияда пайдалануға рұқсат береді. Өзгертілген нұсқаға лицензияны қоса тіркеу жеткілікті. Патенттік құқықтарды да қамтиды — бұл оны қауіпсіз және сенімді етеді. Авторды көрсетуді талап етеді, бірақ шектеулері аз.

www.apache.org/licenses/LICENSE-2.0

Public Domain (CC0)

CC0 (public domain-like) — автор барлық құқықтарынан бас тартады. Қаріпті еркін қолдануға, өзгертуге, таратуға, сатуға толық рұқсат. Атын көрсету міндетті емес, шектеу жоқ.

creativecommons.org/public-domain/cc0/

SIL OFL

SIL Open Font License (OFL) — бұл қаріптерге арналған ашық лицензия. Қысқаша сипаттамасы: Қаріпті еркін қолдануға, көшіруге, өзгертуге және таратуға рұқсат береді. Қаріпті коммерциялық жобаларда да қолдануға болады. Жалғыз талап — өзгертілген нұсқаға жаңа атау беру (оригинал атауды қолдануға болмайды). Қаріпті жеке өзі сатуға болмайды, бірақ оны кез келген өнімнің құрамында еркін таратуға болады.

openfontlicense.org

Free for personal use

Free for personal use — лицензия түрі, мұнда материалды (қаріп, сурет, софт) тек жеке, коммерциялық емес мақсатта тегін қолдануға болады. Коммерциялық жобаларға рұқсат жоқ, ол үшін бөлек лицензия сатып алу керек.