Мазмұнға өту

Типографиялық сөздік

Қаріп және типография саласындағы негізгі терминдер — мысалдарымен және ағылшынша баламаларымен.

А

АзатжолТипография
Жаңа жолдан басталған сөйлемнің, терімнің сол жағына қалдырылған бос орынды атаймыз.eng. Paragraph
АйқұлақТипография
Электрондық поштада кездесетін таңба. Әдетте шиыршық сызықпен оралған «а» әрпі арқылы жасалады.eng. at sign @ / et commercial
АпрошТипография
Екі әріптің арасындағы арақашықты апрош деп атайды. Франсуз тілінен аударғанда, approche — жақындату.eng. Letterspace

Ә

ӘліпбиТипография
Белгілі бір ретпен орналасқан әріптер жинағы.eng. Alphabet
ӘріпТипография
Әріп — белгілі бір дыбысты білдіру үшін арналған графикалық таңба.eng. Letter

Б

БаспаханаТипография
Баспахана — баспа өнімін басып шығаратын кәсіпорын.eng. Print
БеттеуТипография
Мәтінді графикалық кенепке қаріппен теру.eng. Layout Design / Lettering
БеттеушіТипография
Беттеу жұмысын істейтін адам. Әдетте беттеушінің басты мақсаты — оқырманға ыңғайлы болатындай мәтінді графикалық кенепке енгізу. Кейбір кезде назар аудару үшін мәтіннің ыңғайлы оқылуын құрбан етуге болады.
Біркеңді қаріпТипография
Түгел әріптің еңі бірдей қаріп. Әрине, түгел таңбасын бірдей қылсақ оқуға жарамсыз болып қалады. Сондықтан кейбір әріптің кені кішірек.eng. Monospace Font

К

КерниңТипография
Екі әріптің арасындағы қашықты өзгерту. Жағдайына қарай әріптердің арасындағы бос орынды өңдеуге болады. Мысалы: ҒА, АТА, AVA деген әріптердің арасындағы қашықты азайту.eng. Kerning
Кертілген қаріпТипография
Таңбалардың шет жағы кертілген қаріп. Бірыңғай мәтінді беттеуге ыңғайлы болады.eng. Serif Font
Кесек қаріпТипография
Кесек-кесек төртбұрыш кертілгені бар қаріп.eng. Slab Serif Font
Кесілген қаріпТипография
Таңбалардың шет жағы кесілген қаріп.eng. Sans Serif Font
Көрнекі қаріпТипография
Сан түрлі, әдетте көрнекі ақпаратта қолдануға арналған қаріп түрі.eng. Display Font

Қ

Қаріп​Типография
Әліпбидегі әріптер мен тыныс белгілері ортақ графикалық стилде жасалған таңбалар жиыны.eng. Font
Қаріп​ отбасыТипография
Белгілі бір атауы бар, бір ортақ стилде жасалған қаріптер жүйесі. Қаріп отбасында қаріптің бірнеше түрі болады, мысалы: әдепкі (regular), жуан (bold), қисық (italic), және т.б.eng. Font family / Typeface
Қолжазба қаріпТипография
Адам қолмен жазғандай стилде жасалған қаріп.eng. Handwriting Font

Т

ТипографияТипография
Типография — мәтінмен графикалық кенеп аясында жұмыс істеу.eng. Typography
ТрекиңТипография
Мәтіндегі түгел әріптер арасындағы қашықты өзгерту.eng. Tracking

Қате таптыңыз ба не жаңа термин ұсынасыз ба? Бізге жазыңыз ·Типография негіздері